Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Қоғам > 2010 > Наурыз > Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Наурыз мейрамы қарсаңында 17 мыңнан астам адамның Қазақстан азаматтығын алатындығы жөнінде мәлім болды

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Наурыз мейрамы қарсаңында 17 мыңнан астам адамның Қазақстан азаматтығын алатындығы жөнінде мәлім болды

Наурыз мейрамы қарсаңында 17 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алатын болды.
Бұл туралы  Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлім болды.
Комиссия отырысы барысында Қазақстан азаматтығын алғысы келетін адамдардың құжаттары талқыланды. Осыған байланысты тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін 17 мыңнан астам адам Қазақстан Республикасының жаңа азаматтығын қабылдайды. Азаматтыққа өтініш білдіргендердің арасында қазақтар және ТМД елдері мен алыс шетелдерден келген бірқатар басқа ұлт өкілдері бар. «Әлемдік қаржылық, экономикалық дағдарыстың салдарына байланысты туындаған қиын уақытта Қазақстан азаматтығын алуға әртүрлі елдерден өтініш беруші адамдардың саны өсіп келеді. Бұл жалпы ұлттық Көшбасшы және Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың сындарлы стратегиясының, осы адамдардың дәл осы елде өздеріне және балаларына лайықты өмір сүруіне деген сенімдерінің орнығуының дәлелді куәсі. Қазақстан Республикасының азаматы деген жоғары атақ барлық тиісті құқықтарды беріп қана қоймай, сонымен бірге біздің заңдарымызды сақтауға, салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді құрметтеуге, елімізде бейбітшілік пен келісімді қолдауға, республиканың әрі қарай әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси дамуына өз үлесін қосуды да міндеттейді», деп атап өтті жиын барысында Қ. Саудабаев.

ҚазАқпарат

 

Құжаттар




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП

Ресурстар

Мұрағат

<<< Шілде  2010 >>>
дсccсрбсжмснжк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS



www.nu.edu.kz