Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Әлем > 2008 > Қыркүйек > Брюссельде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастығының мерейтойлық 10-шы отырысы өтті, онда ҚР Индустрия және сауда министрі В. Школьник бастаған өкілдік қазақстандық делегация қатысты

Брюссельде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастығының мерейтойлық 10-шы отырысы өтті, онда ҚР Индустрия және сауда министрі В. Школьник бастаған өкілдік қазақстандық делегация қатысты

Қыркүйектің 16-да Брюссельде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастығының мерейтойлық 10-шы отырысы өтті, онда ҚР Индустрия және сауда министрі В. Школьник бастаған өкілдік қазақстандық делегация қатысты.
Еуропалық Одақ делегациясын Француз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропалық істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Жан-Пьер Жуйе басқарды. Екіжақты және өңірлік ынтымақтастық мәселелері және халықаралық проблемалар бойынша жемісті және құрылымдық келіссөз өтті. Еуропалық тарап жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға нақты үлес қосып отырған өңірдегі нағыз көшбасшы және өңірдегі ЕО түйінді серіктесі Қазақстанның өсіп отырған рөлін нақты атап кетті.
ҚР-ЕО ынтымақтастық кеңесі Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдері бойынша 2007-2013 жылдар кезеңіне арналған стратегиясын іске асырудағы алға жылжуды атап кетті, ол ЕО ынтымақтастықтың өңірлік құраушысын жаңа деңгейге шығарады. Тараптар Еуропалық Одақпен Қазақстанның ынтымақтастық басымдылықтарды уақтылы қабылдауына, сондай-ақ 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» атты біздің мемлекеттік бағдарламамызға қанағаттанғандық танытты.
Қазақстан – еуропалық байланыстардың даму деңгейі қолданыстағы Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім шегінен елеулі шығып отырғанын ескеріп, тараптар Қазақстан мен ЕО арасында жаңа негізгі келісімді даярлау бойынша келіссөздерді бастауға ниет білдірді. Бұдан басқа Еуропалық Одақ делегациясы кезекті рет гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мақсатында біздің елдер арасында визалық режимді жеңілдету мәелесі бойынша келіссөзді жалғастыруға көмектесуге әзір екендіктерін көрсетті.
Отырыс барысында Еуропалық Одақтың жаңа мүшелері – Болгария мен Румынияның Қазақстан Республикасы және Еуропалық Одақ арасындағы серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды. Отырыс қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз конференциясы барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ынтымақтастық кеңесінің тең төрағалары екі тарап мүддесінің және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында саяси келіссөзді, сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты әрі қарай нығайтудағы ұмтылыстарының бірдейлігін атап кетті.
Ынтымақтастық кеңесінің отырысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі В. Школьник пен индустрия және сауда вице-министрі, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі Ж. Айтжанованың ЕО Сауда жөніндегі комиссары Питер Мандельсонмен кездесуі өтті. Тараптар Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі екіжақты келіссөздерде қол жеткен табысты атап өтті. Комиссар П. Мандельсон Қазақстанға алдағы уақытта болатын сапарын қуаттады.


ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS