Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Әлем > 2008 > Қазан > БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжин сөз сөйледі

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжин сөз сөйледі

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтті. 

Қазақстанның Ұйым жанындағы Елшілігінің ұйытқы болуымен Қасиетті Рамазан айы кезінде Ифтарда Азия мен Таяу Шығыстың 30 елінің өкілдері бас қосып, қазанның 16-сында Астанада өтетін Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогтың министрлер деңгейіндегі кездесуінің күнтәртібін талқылады. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжин, Таиланд вице-премьері, сыртқы істер министрі Аморнвиват Сомпонг, сондай-ақ Корея Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ин Кук Пак сөз сөйледі.
 
Кездесуге қатысушылар азық-түлік дағдарысы проблемаларының басымдығы және оны шешуде келісілген шаралардың қабылдану
қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.
 
Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалог идеясын Таиланд АСЕАН елдері сыртқы істер министрлерінің 2002 жылдың ақпан айында өткен кеңесінде ұсынған болатын. Бұл ұйым АСЕАН, АСЕАН+3, СААРК, Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастық жөніндегі кеңесі және тағы сол сияқты аймақтық азиялық форумдардың арасындағы кооперация тетігі болып табылады.
 
Диалогқа қазіргі уақытта АСЕАН-ның 10 елі, сондай-ақ Ресей, Жапония, Сауд Арабиясы, Үндістан, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Бангладеш, Бахрейн, Бутан, Қазақстан, Катар, Қытай, Куәйт, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Пәкістан, Корея Республикасы және Шри-Ланка елдері мүше.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS