Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Әлем > 2008 > Қазан > ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Иран Ислам Республикасының Жолдар және көлік министрі Хамид Бехбаханимен кездесті

ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Иран Ислам Республикасының Жолдар және көлік министрі Хамид Бехбаханимен кездесті

ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Иран Ислам Республикасының Жолдар және көлік министрі Хамид Бехбаханимен кездесті.
 
Кездесу барысында С.Ахметов 2008 жылғы қазанның 15-і мен 17-сі аралығында Астанада Қазақстан-Иран сауда-экономикалық,
ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысын өткізу жоспарланып отырғанын айтты.
 
Ол Иран, Түрікменстан және Қазақстан арқылы өтетін теміржол құрылысының маңызы зор екенін атап өтті. Оның ұзындығы 135 шақырымдық қазақстандық телімінің құрылысы 2009 жылы басталмақ.
 
Әңгіме барысында 2009 жылы халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін бланкілерді алмасу квоталарын ұлғайту мәселелері, екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігі талқыланды.
 
Х.Бехбахани Ақтау, Әмірабад және Анзали айлақтары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызын атап өтті.

ҚазАқпарат

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS