Басты > Бөлімдер > Жаңалықтар > Әлем > > Тамыз > Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің төрағалығымен аталған ведомствоның алқа мәжілісі өтті

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің төрағалығымен аталған ведомствоның алқа мәжілісі өтті

Жиында Марат Тәжин, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі тұжырымды бастамасының қазақстандық сыртқы саясаттың еуропалық секторындағы жүзеге асырылу барысы қаралатынын айтты.

Астанада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің төрағалығымен және Қазақстанның еуропалық елдердегі елшілерінің қатысуымен ведомствоның алқа мәжілісі өтті.
Марат Тәжин өз сөзінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі тұжырымды бастамасының қазақстандық сыртқы саясаттың еуропалық секторындағы жүзеге асырылу барысы қаралатынын айтып өтті. «Олар өзара тұтас тұғырнамамен, Қазақстанның 2011 жылға дейінгі сыртқы саясатының басты бағыттарын құрайтын ортақ мазмұнды мақсаттармен біріктірілген», деп атап көрсетті М.Тәжин өз сөзінде.
Одан кейін М.Тәжин, Қазақстанды 2010 жылы әлемдегі үлкен аймақтық ұйым болып табылатын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқарудың оңтайлы жүйесін жолға қою міндеті күтіп тұрғанын атап көрсетті. «Ондағы негізгі фактор - мемлекеттің барлық қажетті ресурстарын біріктіру, ұлттық зияткерлік әлеуетті, қазақстандық дипломатияның барлық тәжірибесі мен кәсібилігін тиімді қолдану болып табылады», - деді сыртқы саясат ведомствосының басшысы өз сөзінде.
«Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалығына Ұйымның тарихындағы ғана емес, жаһандық ауқымдағы соңғы жылдардағы ең бір күрделі кезеңде кіріскелі отыр», деп атап көрсетті М.Тәжин.
«Жаһандық дағдарыс әлемдік тәртіптің, жаһандық геосаяси және геоэкономикалық құрылымның өзгеруін қозғалысқа келтірді және бұл үрдіс әлі аяқталған жоқ», деді сыртқы істер министрі өз сөзінде.
Сөз соңында М.Тәжин, алда тұрған міндеттердің жоғары деңгейі мен ауқымдылығы, сондай-ақ қазақстандық мамандардың ол міндеттерді шешу қабілеттілігі Қазақстанның әлемдік сахнадағы беделін әрі қарай нығайтуға, еліміздің дамуы мен оның халықаралық беделін қалыптастыруға жайлы жағдай жасауға негіз болатынын айтып өтті.

ҚазАқпарат

Құжаттар




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП

Ресурстар

Мұрағат

<<< Шілде  2010 >>>
дсccсрбсжмснжк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS



www.nu.edu.kz