Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың қатысуымен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті
Қаңтардың 13-інде Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайыновтың қатысуымен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті.
Кеңеске министрліктің құрылымдық және аймақтық бөлімшелерінің жетекшілері мен Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары әкімдерінің орынбасарлары, жол-құрылыс материалдарын жеткізушілер, авто және теміржол тасымалдаушылары, мердігерлік кәсіпорындар мен технологиялық қадағалау қызметінің басшылары қатысты.
Алқалы жиынды ашқан Ә.Құсайынов көлік саласының 2010 жылға арналған негізгі міндеттерінің бірі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің, «Қорғас - Жетіген» және «Өзен - Түрікменстан шекарасы» 2 теміржол желісінің құрылысы бойынша жұмыстарының, сонымен қатар «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасының құрамына кіретін «Алматы - Қорғас» және «Ташкент - Шымкент - Жамбыл облысы шекарасы» автожол саласының концессиялық жобаларының іс жүзінде жүзеге асырылуының басталатынын атап өтті.
Оның айтуынша, аталған барлық жобалардың жалпы құны 965,3 млрд. теңгені құрап, 2013 жылға дейін 439 шақырым жаңа теміржолдар салынып, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізінің бірінші және екінші техникалық категория өлшемдері бойынша 2374 шақырымы қайта салынады.
Жобаны жүзеге асыруға байланысты мәселелерді реттеп, тез арада шешу үшін Премьер-Министрдің өкімімен 6 көшпелі штаб құрылды. Әрбір штаб бойынша тиісті облыстың әкімімен келісілген штабтың жеке құрамы белгіленді. Бұдан бұрын іске асырылған жобалардың тәжірибесіне сүйене отырып, талқыға салынатын және шешім қабылдауды қажет ететін өзекті мәселелер тізімі жасалды.
Шара барысында жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, жұмылдыруды дер кезінде өткізу, қажетті материалдарды жеткізу мен кадр тапшылығы мәселесін шешу, сонымен қатар бекітілген кестеге сәйкес барлық жол аралықта нысандарды сапалы және уақытылы тапсыруды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кеңесте көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербеков, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Ерік Сұлтанов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мадияр Алдоңғаров, сонымен қатар инженерлік қызмет мердігерлері сөз сөйледі.
Кеңесті қорытындылаған ведомство басшысы Ә.Құсайынов таяудағы 2-3 жылда бірлескен қарбалас жұмыстар болатынын атап өтті.
ҚазАқпарат
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары
Мұрағат
| дс | cc | ср | бс | жм | сн | жк |
|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 | 30 |