Әлем

11.07.2007   /Жаңалықтар (Премьер-Министр) , Интеграция , Әлем Бішкекте Қазақстан және Қырғызстан премьер-министрлерінің қатысуымен бизнес-форум ашылды

А. Атамбековтың айтуынша, Қырғызстанның шетедік серіктестіктері арасында инвестиция көлемі жағынан Қазақстан бірінші орында тұр. Ол, сондай-ақ елде қазақстандық капиталдың қатысуымен 400-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейтінін және бұл сан әлі де өсетінін атап өтті.

11.07.2007   /Жаңалықтар (Премьер-Министр) , Үкімет , Интеграция , Әлем Қазақстан мен Қырғызстан 120 миллион доллар капиталы бар бірлескен инвестициялық қор құру туралы келісімге қол қойды

Бішкекте кеңейтілген құрамда өткен келіссөз қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында Қазақстан Үкіметінің басшысы К.Мәсімов мәлім еткендей, 100 миллион долларды Қазақстан тарабы, 20 миллион долларды - қырғыз тарабы инвестициялайды.

10.07.2007   /Мемлекеттік органдар , Әлем Бішкек сапарының соңында Марат Тәжин тәжікстандық әріптесімен кездесті

Тәжікстан министрімен кездесу ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің Бішкек мәжілісіне қатысқан Қазақстанның сыртқы істер ведомство басшысының сапар бағдарламасын қорытындылады.

10.07.2007   /Мемлекеттік органдар , Интеграция , Әлем ҚР индустрия және индустрия министрінің орынбасары А.Баталов бастаған қазақстандық үкімет делегациясы Рабат қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Бұл сапар үстіміздегі жылдың күзіне жоспарланған Марокко Королі Мухаммад VI-ның Қазахстанға сапарын даярлау аясында өтті.

09.07.2007   /Мемлекеттік органдар , Әлем Бішкекте Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті

Тараптар қатынастардың даму үдемелілігін және жылдың екінші жартысында ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Ху Цзинтаоның Қазақстанға жасайтын сапарын атап өтті.

Тәжин 09.07.2007   /Мемлекеттік органдар , Интеграция , Әлем ҚР Сыртқы істер министрі ШЫҰ аясында энергетикалық және экономикалық қарым-қатынастар мәселелеріне баса назар аударады

Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы Бішкектегі баспасөз мәслихаты барысында өңірлік қауіпсіздік пен ШЫҰ даму болашағы мәселелерін талқылаудың өзектілігін атап өтті.

05.07.2007   /Мемлекеттік органдар , Әлем 2008 жылы АІСШК-ның құрамына жаңа елдер қабылданады

Азиядаға іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне (АІСШК) қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің үшінші кездесуі барысында ұйым құрамына жаңа елдер қабылданатын болады.

04.07.2007   /Әлем Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды
03.07.2007   /Мемлекеттік органдар , Интеграция , Әлем Қазақстан СІМ делегациясы Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің қауіпсіздік форумына қатысты

Македониядағы кездесу Ауғанстан, Косово мен Балқанның болашағы, энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналды. Р.Жошыбаев қатысушыларды энергетикалық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықта Қазақстанның ұстанымдарын жеткізді.

02.07.2007   /Мемлекеттік органдар , Әлем Германияда Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты стратегиясы таныстырылды

Біздің ел тарапынан ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжин бастаған делегация қатысты. Бұл туралы дүйсенбілік брифингте ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Е.Ашықбаев мәлім етті.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2008

Ресурстар

Мұрағат

<<< Қараша  2008 >>>
дсccсрбсжмснжк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz



www.inform.kz

Corporate LEADERS