Астана және Алматы қалаларының әкімдері
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
ИМАНҒАЛИ НҰРҒАЛИҰЛЫ ТАСМАҒАМБЕТОВ
1956 жылы туған, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын тәмәмдаған, саясат ғылымдарының докторы.
Институтты тәмәмдағаннан кейін мамандығы бойынша жұмыс істеді, содан соң Гурьев облысының мемлекеттік басқару органдарында, Жастар Одағының бөлім меңгерушісі, хатшысы, бірінші хатшысы, республиканың Жастар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болды. Президенттің көмекшісі, бірінші көмекшісі, Премьер-Министрдің орынбасары, Білім және мәдениет министрі болды. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Президент Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған.
2002 жылдың қаңтар - 2003 жылдың маусым аралығында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметін атқарды.
2003 жылдың маусымынан бастап Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды.
ҚР Президентінің Жарлығымен 2004 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсанынан - Алматы қаласының әкімі қызметінде болған.
2008 жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласы әкімі.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
АХМЕТЖАН СМАҒҰЛҰЛЫ ЕСІМОВ
1950 жылы туылған, Қазақ Ауыл шаруашылығы институтын, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын тәмамдаған.
Экономика ғылымдарының докторы. Кеңшар инженері, директоры болып, партия және кеңес органдарында жұмыс істеген.
Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары, республика Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған.
Бірнеше жыл бойы шетелде Төтенше және Өкілетті елші лауазымында Қазақстанның мүдделерін білдірді. 2001 жылғы мамырдан бастап республика Ауыл шаруашылығы министрі, ал 2002 жылғы мамырдан бері - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі.
2004 жылдың мамырынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
2006 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрi қызметінде болған.
2008 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласының әкімі.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
ҚАЙРАТ ПЕРНЕШҰЛЫ ҚОЖАМЖАРОВ
1965 жылы туған. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 1987 жылдан бастап 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында қызмет өткерді. 1995 жылғы қыркүйектен бастап 1998 жылғы наурызға дейін кеден органдарында қызмет етті. 1999 жылғы шілдеден бастап осы уақытқа дейін қаржы полициясы органдарында қызмет етеді. Әр түрлі лауазымдарда: 2001 жылғы ақпаннан бастап Агенттіктің тергеу басқармасының бастығы, 2002 жылғы ақпаннан бастап 2004 жылғы мамырға дейін Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары, 2004 жылғы мамырдан бастап 2007 жылғы қаңтарға дейін Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы 2007 жылғы қаңтардан бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 2008 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасы. Қаржы полициясының генерал-майоры қызметінде болған.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Ақмола облысының әкімі.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Архимед Мұхамбетов
1972 жылы туған. Самара мемлекеттік техникалық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген. Мамандығы бойынша – инженер-электрик, қаржы бакалавры.
Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарында бастаған. Ақтөбе облысының сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік директоры, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі қызметтерін атқарды.
2011 жылғы 22 шілдесінен бастап Ақтөбе облысының әкімі.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
АНСАР ТҰРСЫНХАНҰЛЫ МҰСАХАНОВ
1966 жылы туған. Алматы мал дәрігерлік институтын, Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, мамандығы бойынша - мал дәрігері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты.
Еңбек жолын Күрті ауданындағы «Құйған» совхозында жұмысшы болып бастады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әр жылдары «КСРО-ның 60 жылдығы» атындағы кеңшарда мал дәрігері, Күрті ауданының бас мал дәрігері, Жамбыл ауданы Ұзынағаш станциясы мал учаскесінің меңгерушісі, Теміржол ауылдық округінің әкімі, Ақсеңгір тәжірибелік шаруашылығының директоры, «Қазыбек бек» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Алматы облысының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарасай аудандық аумақтық басқармасының бастығы, Іле ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2011 жылдың сәуір айынан – Алматы облысының әкімі.
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
БЕРГЕЙ СӘУЛЕБАЙҰЛЫ РЫСҚАЛИЕВ
1967 жылы туған. Алматы Сәулет-құрылыс институтын, Қазақ Мемлекеттік заң университетін бітірген. Мамандығы бойынша – құрылыс инженері, заңгер.
Институтты бітіргеннен кейін “Батысқазэнерго” акционерлік қоғамының құрылыс-монтаж басқармасында мамандығы бойынша жұмыс істеді. Кәсіпкерлікпен айналысты. “ШАТ” мұнай компаниясын, “Батыс Мұнай” қазақ-қытай бірлескен кәсіпорнын және “Қазсыртқымаш” бірлестігінің Атырау облысы бойынша аймақтық филиалын басқарды. Атырау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Атырау облысы әкімінің орынбасары, Атырау қаласының әкімі қызметтерін атқарды.
2006 жылдың қазан айынан бастап Атырау облысының әкімі.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
БЕРДІБЕК МӘШБЕКҰЛЫ САПАРБАЕВ
1953 жылы туған. Алматы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.
Институтты тәмамдағаннан кейін Мемлекеттік еңбек жинақ кассасы республикалық басқармасында экономист, Қаржы министрлігінің жүйесінде экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары, Бас жоспарлау -экономикалық басқарманың бастығы қызметтерін атқарған. Білім министрінің орынбасары, Президент Аппараты және Министрлер Кабинеті Бөлім меңгерушісінің орынбасары, Министрлер Кабинеті Іс Басқармасының Бөлім меңгерушісі, Министрлер Кабинеті Аппаратының Басшысы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қаржы вице-министрі – Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілі, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болып тағайындалған.
2007 жылғы тамыз айынан 2009 жылдың наурыз айына дейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2009 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
ҚАНАТ АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ БОЗЫМБАЕВ
1969 жылы 08 қаңтарда туған. 1993 Қазақ мемлекеттік Басқару Академиясының «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» факультетін бітірген. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
1993 ж. шілде –1997 ж. қыркүйек аралығында Мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындарда қызмет атқарған.1997 ж. қыркүйек – 1997 ж. қараша ҚР Экономика және сауда министрлігі, өңірлік саясат бөлімінің бастығы.
1997 ж. қараша – 1998 ж. қыркүйек «КазТрансОйл» ЖАҚ Ұлттық мұнай тасымалдау жөніндегі компаниясы қаржылық-жиынтық департаментінің бастығы, экономика мәселелері жөніндегі вице-президент.
1998 ж. қыркүйек – 2001 ж. ақпан ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, мұнай және газ департаментінің директоры, вице-министр. 2001 ж. ақпан – 2001 ж. мамыр «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» ААҚ, Бірінші вице-президент.
2001 ж. мамыр – 2007 ж. тамыз «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ, Президент. 2007 ж. тамыз – 2008 ж. қазан «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» Акционерлік қоғамы, Басқарма Төрағасы. 2008 ж. қазан «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ, Президенті.
2009ж.30 қарашасынан бастап Жамбыл облысының әкімі
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
НҰРЛАН АСҚАРҰЛЫ НОҒАЕВ
1967 жылы туған. И.Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.
Мәскеу қаласында «Гили-Паскер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор болып жұмыс істеді. Кейіннен «Қазақтүрікмұнай» ЖШС инженері, бөлім бастығы, бас директоры болды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атқарушы директоры, республиканың Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің департамент директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.
Соңғы кездері – Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Батыс Қазақстан облысының әкімі.
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВ
1952 жылы 6 ақпанда Қарағанды облысы Тельман ауданының Майөзек кентінде туған. Қарағанды политехникалық институтын, Ресей басқару академиясын бітірген. Мамандығы боынша - инженер-механик, саясаттанушы. Еңбек жолын Кузнецк металлургиялық комбинатында бетон құюшы болып бастады. «Қарағандыкөмір» комбинатында бұрғышы, шахта кеншісі болып жұмыс жасады. Қарағанды облысының мемлекеттік басқару органдарында басшылық қызметтер атқарды.
Парламент Сенатының депутаты, Парламент Сенаты төрағасының орынбасары болып сайланды. ҚР көлік және коммуникация министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы, көлік және коммуникация вице-министрі, экономика, индустрия және сауда вице-министрі, ҚР индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, көлік және коммуникация бірінші вице-министрі болып жұмыс жасады. ҚР көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды. 2009 жылғы наурыздан 2011 жылғы сәуірге дейін - ҚР көлік және коммуникация министрі қызметін атқарған.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды облысының әкімі.
«Құрмет» орденімен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Үкiметтiң бағдарламалары
- ҚР Президентінің, ҚР Мемлекеттік хатшысының, ҚР Үкіметінің, ҚР Президенті Әкімшілігінің және ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау
- Баспасөз хабарламалары

Ресурстар
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары