Басты > Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы > Қазақстан Республикасы облыстарының,
Астана және Алматы қалаларының әкімдері

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

НҰРАЛЫ МҰСТАФАҰЛЫ СӘДУАҚАСОВ

1964 жылы 28 қарашада туған, қазақ, білімі жоғары.
1986 жылы К.А. Тимирязев атындағы Москва ауыл шаруашылығы академиясын ғалым агроном мамандығы бойынша бітірген.
1981жылы Қостанай облысы Семиозер ауданы Чернышевский атындағы совхоздың жұмысшысы
1981 - 1986 жылдары К.А. Тимирязев атындағы Москва ауыл шаруашылығы академиясының студенті, Москва қаласы
1986 - 1988 жылдары Қостанай облысы Семиозер ауданы Чернышевский атындағы совхоздың агрономы, бас агрономы
1988 - 1991 жылдары Қостанай облысы Семиозер ауданы Қостанай облысы Қазақстанның ЛКЖО Семиозер аудандық комитетінің екінші, бірінші хатшысы
1991 - 1992 жылдары Қостанай облысы Семиозер ауданы Қостанай облысы Қазақстанның ЛКЖО Семиозер аудандық комитетінің екінші хатшысы
1992 - 1995 жылдары Қостанай облыстық әкімшілігі басшысы аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі
1995 - 1997 жылдары Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы
1997 - 1998 жылдары Қостанай облысының Қостанай ауданы әкімінің бірінші орынбасары (1997 - Қостанай облысы Қостанай ауданы)
1998 - 2000 жылдары Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі
2000 - 2004 жылдары Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі
2004 - 2006 жылдары Қостанай қаласының әкімі
2006 жылдан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2012 жылдан бастап Қостанай облысы әкімі.
«Құрмет» орденімен (2004 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.) «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.) медальдарымен марапатталған.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

БОЛАТБЕК БАЯНҰЛЫ ҚУАНДЫҚОВ

1969 жылғы 14 ақпанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Қашқансу ауылдық округінде туған. Білімі жоғары, 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

1986-1987 жылдары Алматы қаласындағы № 39 құрылыс-монтаж басқармасының ағаш ұстасы, 1992 -1996 жылдары Алматы қаласындағы «Лидер» кооперативтік кәсіпорнында «Адам-ата» халықаралық акционерлік қоғамында бухгалтер-экономист, Ұлттық банкте экономист, жетекші экономист, бөлім бастығы, басқарма бастығы болды.

1996-2007 жылдар аралығында  Ұлттық банктің Қызылорда облыстық басқармасының бастығы, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің департамент директоры, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі болып қызметтерін атқарды.

2007 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2008 жылдың мамыр айынан бастап Қызылорда облысының әкімі.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов

1960 жылы 26 қарашада Жамбыл облысы Меркі ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінің түлегі. Заңгер. Заң ғылымдарының докторы.

1990-1994 ж.ж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде аға кеңесші, сектор меңгерушісі, Заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Жоғарғы Кеңес Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Заңнама, құқықтық сараптама және талдау бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеді.

1994-1997 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.

1997 - 2000 ж.ж. - Қазақстан Республикасының Әділет министрі.

2000 – 2002 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2002-2003 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.

2003 жылдың маусым айынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2005 - 2009 ж.ж. - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.

2009 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың желтоқсанына дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

2011 жылдың 22 желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін – Маңғыстау облысының әкімі.

«Парасат» (1999 ж.), ІІІ дәрежелі «Барыс» (2004 ж.), ІІ дәрежелі «Барыс» (2010 ж.) ордендерімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.

Қазақстан Республикасының екі Конституциясының бірлескен авторы.

Үйленген, екі баласы бар.

 

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

ЕРЛАН МҰХТАРҰЛЫ АРЫН

1961 жылы 23 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірді. Еңбек жолын Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында стажер-зерттеуші қызметінен бастады.
1985-1992 жылдары – Қазақ КСРО Ғылым академиясының Экономика институтының аспиранты, ғылым қызметкері, ғылыми хатшысы, докторанты.
1992-1993 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының Cтратегиялық зерттеу орталығы директорының орынбасары.
1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Cтратегиялық зерттеу орталығы директорының бірінші орынбасары.
1994-1997 жылдары - Қазақстан Даму институтының Президенті.
1997-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтаудың вице-министрі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорттың бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылымның бірінші вице-министрі.
2001 жылғы ақпаннан бастап С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарды.
2012 жылғы 20 қаңтардан бастап Павлодар облысының әкімі.
Е.М. Арын «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Дарын» мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. Павлодар облысының және Баянауыл ауданының Құрметті азаматы.
250-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде энциклопедия, монография, сөздіктер мен анықтамалықтардың, шетелдік баспаларда жарияланған мақалалардың авторы.
Үйленген, екі баласы бар.

 

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

СЕРІК СҰЛТАНҒАЗЫҰЛЫ БІЛӘЛОВ

1958 жылы сәуірдің 5-інде Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданындағы Сарытомар ауылында туған. Үйленген, екі ұлы, бір қызы бар. 1983 жылы Целиноград Ауыл шаруашылығы институтын, 1998 жылы Алматы
Экономика және статистика институтын бітірген, мамандығы - зооинженер, экономист.
 
Еңбек жолын 1974 жылы Солтүстік Қазақстанның Возвышен ауданындағы Жас гвардияшылар атындағы кеңшарда ветеринарлық санитар болып бастаған, кейіннен Бескөл ауданының Андреев кеңшарының бөлімшесінде зоотехник болған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тәмамдағаннан кейін, 1983 жылы Солтүстік Қазақстан облыстарының кеңшарларында бас зоотехник, Совет ауданының Аралағаш кеңшарының директоры болып жұмыс істеген. 1992 жылдан бастап «Бескөл құс фабрикасы» акционерлік қоғамында бас зоотехник, кейіннен компания президенті лауазымында болды.
 
1999 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының Булаев (қазіргі Мағжан Жұмабаев атындағы аудан), Есіл, Қызылжар аудандарының әкімі, 2007 жылдың наурыз айынан бері - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.

2007 жылдың қазан айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

АСҚАР ИСАБЕКҰЛЫ МЫРЗАХМЕТОВ

1962 жылы дүниеге келген. Ауылшаруашылығы және экономикалық мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Аспирантураны аяқтаған соң 1988-1991 жылдары Бүкілодақтық ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші, кейіннен аға ғылым қызметкер болып жұмыс істеген.

1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілерде мен қоғамдық ұйымдарда (Орта Азия және Қазақстан биржа Қауымдастығы Басқармасының, Қазақстандағы Кәсіпкерлері Форумы Кеңесінің төрағасы) басшылық қызметтерін атқарған.

1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған. 2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2009 жылдың наурызынан бүгінгі күнге дейін – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.



 

Құжаттар





Послание Президента 2011
2020 New Social Turn

НИП





Ресурстар




www.akorda.kz

Парламент




www.inform.kz

www.nu.edu.kz