Ауыл шаруашылығы министрi
АҚЫЛБЕК ҚАЖЫҒҰЛҰЛЫ КҮРІШБАЕВ
1961 жылы 13 сәуірде Алматы қаласында туған. 1983 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтын үздік бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы В. Вильямс атындағы қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бастады. Аталған мекемеде қатардағы лаборанттан директордың орынбасарына дейінгі лауазымдық қызметтер атқарды. 1997 жылы А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды. 2002-2005 жылдары Ауыл шаруашылығы вице- министрі қызметін атқарды. 2006 жылы ҚР АШМ Ғылым департаменті директоры болып тағайындалды. 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық вице- министрі.
2008 жылдың сәуір айынан - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрі.
Көлiк және коммуникация министрi
СЕРІК НЫҒМЕТҰЛЫ АХМЕТОВ
1958 жылы туған. Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірген, инженер-металлург, экономика ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын Қарағанды металлургия комбинатының жұмысшысы болып бастаған. 2001-2003 жылдары Теміртау қаласының әкімі, 2003 -2004 жылдары Астана әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2004 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасы мемлекеттік инспекциясының меңгерушісі, 2005 жылдың наурыз айынан бастап "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағының басқарма бастығы қызметтерінде болған.
2006 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі.
Төтенше жағдайлар министрі
ВЛАДИМИР КАРПОВИЧ БОЖКО
1949 жылы туған. Қазақ политехникалық институтың бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты. Генерал-лейтенант әскери атағы бар. Институтты бітіргеннен кейін мамандығы бойынша Алматы электротехника зауытында жұмыс істеді. 1976 жылдан бастап ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етіп, онда жедел уәкілден ҰҚК төрағасының бірінші орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Соңғы кезде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.2007 жылғы караша айынан бастап – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.
Қоршаған ортаны қорғау министрi
НҰРЛАН ӘБДІЛДАҰЛЫ ЫСҚАҚОВ
1963 жылы туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.
Институтты бітіреннен кейін ғылыми қызметпен айналысты, коммерциялық құрылымдарда басшы лауазымдарда жұмыс істеді. Алматы қаласының Калинин ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы, Мемлекет Басшысы Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалған.
Соңғы кезде – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
2006 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі.
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi
БЕРДІБЕК МӘШБЕКҰЛЫ САПАРБАЕВ
1953 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.
Институтты тәмамдағаннан кейін Мемлекеттік еңбек жинақ кассасы республикалық басқармасында экономист, Қаржы министрлігінің жүйесінде экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары, Бас жоспарлау-экономикалық басқарманың бастығы қызметтерін атқарған. Білім министрінің орынбасары, Президент Аппараты және Министрлер Кабинеті Бөлім меңгерушісінің орынбасары, Министрлер Кабинеті Іс Басқармасының Бөлім меңгерушісі, Министрлер Кабинеті Аппаратының Басшысы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қаржы вице-министрі – Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары – Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілі, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болып тағайындалған.
2007 жылғы тамыздан бері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Туризм және спорт министрі
ТЕМІРХАН МЫҢАЙДАРҰЛЫ ДОСМҰХАНБЕТОВ
1949 жылы туған. Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Институтты бітіргеннен кейін 12 жыл бойына Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушылық және ғылыми қызметтерде болды. Содан кейін “Еңбек резервтері” ерікті спорт қоғамының Қазақ республикалық кеңесі төрағасының орынбасары, төрағасы, “Интурист-Қазақстан” ұлттық компаниясының бас директоры, “Яссауи” мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті болып жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрі, Астана қаласының әкімі – Үкімет мүшесі қызметтеріне тағайындалған. Соңғы уақыттарда – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы.
2006 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Туризм және спорт министрі.
Қаржы министрi
БОЛАТ БИДАХМЕТҰЛЫ ЖӘМІШЕВ
1957 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтың бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Институтты бітіргеннен кейін ғылыми қызметпен айналысты. Ұлттық банкте департамент директорының орынбасары болып жұмыс істеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Қаржы бірінші вице-министрі, Ішкі істер вице-министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары. Қаржы нарығының және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің төрағасы қызметтеріне тағайындалған. Соңғы кезде – Еуразия даму банкі басқармасы төрағасының орынбасары.
2007 жылғы караша айынан бастап – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
БАҚЫТ ТҰРЛЫХАНҰЛЫ СҰЛТАНОВ
1971 жылы туған. Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы бойынша – инженер-электрик, экономист.
Ол 2001-2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік бюджет департаментінің, 2002 жылы – Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры, 2003 жылдың маусымынан бастап – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, 2005 жылы – ҚР Қаржы вице-министрі болды. 2006 жылдың наурызында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Соңғы кезде ҚР Қаржы вице-министрі лауазымын атқарды.
2007 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
Энергетика және минералдық ресурстар министрi
САУАТ МҰХАМЕТБАЙҰЛЫ МЫҢБАЕВ
1962 жылы туған, М.Ю.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты.
Университетті тәмамдаған соң ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысқан, «Қазақстан» республикалық құрылыс биржасының президенті, «Қазкоммерцбанк» акционерлік банкі басқармасы төрағасының бірінші орынбасары болды. Қаржы министрінің бірінші орынбасары, бірінші қаржы вице-министрі, Қаржы министрі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған, «Қазақстан Даму банкі» ЖАҚ президенті, «Каспий өндірістік-қаржылық топ» ЖШС бас директоры болған.
2003 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, кейіннен Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және сауда министрі, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару қазақстандық холдингі» АҚ атқарушы директорының (Басқарма төрағасының) міндетін атқарушы, басқарма төрағасы лауазымдарын атқарған.
2007 жылғы тамыздан бері Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі.
Әдiлет министрi
ЗАҒИПА ЯХИЯҚЫЗЫ БАЛИЕВА
1958 жылы туған.Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін бітірген.Мамандығы - заңгер.
Еңбек жолын Жамбыл облыстық "Стройбанк" кеңсесінің заң кеңесшісі болып бастаған.Жамбыл қалалық атқару комитетінің заң кеңесшісі , Алматы қалалық әкімі аппаратының заң бөлімінің бастығы, меңгерушісі болып істеген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. 1996 жылдан бастап 2005 жылға дейін Орталық сайлау комиссиясын басқарды.
2005 жылғы сәуірден бері Қазақстан Республикасының Әділет министрі.