Басты > Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы > Қазақстан Республикасының
Үкiметi

Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі

ЖАНАР СЕЙДАХМЕТҚЫЗЫ АЙТЖАНОВА


1965 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Біріккен Вена институтын, Гарвард университетінің Дж.Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін (АҚШ) тәмамдаған. Ағылшын және чех тілдерін меңгерген.
Университетті бітіргеннен кейін ҚазМУ-де және МГУ-де, сондай-ақ Карлово мен Орталық Еуропа университеттерінде (Чех Республикасының Прага қ.) тағылымдамадан өтті.
БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінде бағдарламалар үйлестірушісі, Моңғолиядағы БҰҰ-ның үйлестірушісі және БҰҰ-ның Даму бағдарламасы Өкілінің көмекшісі болып жұмыс істеді. БҰҰ-ның Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД өңірлік бюросының Орталық Азия елдері бөлімінің бағдарламалар жетекшісі болды.
2003 жылғы қыркүйекте Ж.С.Айтжанова Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды, сонымен қатар, 2005 жылғы мамырда оған Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілінің міндеттері жүктелді.
2010 жылдың наурызынан 2011 жылдың сәуірі аралығында Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі лауазымында болды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2011 жылғы 16 сәуірдегі Жарлығымен   Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі қызметіне тағайындалды.

Құжаттар





Послание Президента 2011
2020 New Social Turn

НИП





Ресурстар




www.akorda.kz

Парламент




www.inform.kz

www.nu.edu.kz