Басты > Үкімет сайтының құрылымы > Жергілікті
атқарушы органдар
> Алматы облыстық әкімшілігі > Облыс әкімі аппаратының мақсаттары мен міндеттері

Облыс әкімі аппаратының мақсаттары мен міндеттері


ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ - облыс әкімінің және әкімдігінің нәтижелі қызметін қамтамасыз ету.

АППАРАТТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

Әкім мен әкімдіктің қызметін ақпараттық-аналитикалық, құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету;
Әкім мен аппарат қызметкерлеріне қаржылай, шаруашылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Премьер-Министрдің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, облыстың өкілетті органы болып табылатын Мәслихатпен, облыстың бөлімшелерімен, бұқаралық-ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іскер байланысты қамтамасыз ету.

ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Аппарат өзінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін төмендегі функцияларды жүзеге асырады:
а/ әкімшілік-ұйымдастырушылық:
Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды;
әкім мен оның орынбасарлары өткізетін әкімдік мәжілістерін, кездесулерді, кеңестерді және басқа шараларды ақпараттық-аналитикалық, құқықтық, ұйымдастыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
Әкім мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, іс қағаздарын жүргізу;
мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейтуге жағдай жасау, жұмыс стилі мен әдісін жақсарту;
қызметтік құжаттарды, заңды және жеке тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру.
б/ ақпараттық-аналитикалық:
Әкімге және оның орынбасарларына облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына сипаттама беретін материалдар дайындау;
әкімдіктің халықаралық қызмет мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Әкімнің қызметі туралы материалдарды бұқаралық-ақпарат құралдарына жариялау.
в/ құқықтық:
барлық деңгейдегі атқарушы өкімет органдарымен өзара іскер байланысты ұйымдастыру, олардан Әкім шешімінің, тұжырымдамалардын, әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын болжамдардың жобаларын сапалы дайындау мақсатында ақпараттар алу, жобаларды әзірлеуге және сараптауға қатысу;
Әкімге, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің саласын, өкілеттігін және жауапкершілігін анықтайтын ұсыныстар әзірлеу, осы органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелерін шешу;
Әкімнің шешімдерін, өкімдерін, әкімдіктің қаулыларын дер кезінде рәсімдеу, оларды атқарушы органдарға, кәсіпорын, ұйым, мекемелерге уақытылы жеткізу;
Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау, бір жүйеге келтіру және кодификациялау.
г/ кадрға байланысты;
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңын жүзеге асыру;
кадрлар қозғалысының жағдайын есепке алу және талдау, облыс әкімі тағайындайтын және босататын лауазымдар тізбесіне кіретін кадр құрамын зерделеу және ол бойынша ұсыныстар әзірлеу, енгізу;
мемлекеттік қызметшілердің республикада, сонымен қатар шет елде оқуын және қайта даярлықтан өтуін ұйымдастыру.

Құжаттар




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП

Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

Corporate LEADERS



www.nu.edu.kz