Басты > Үкімет сайтының құрылымы > Жергілікті
атқарушы органдар
> Қарағанды облыстық әкімшілігі > "Қарағанды облысы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

"Қарағанды облысы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі "Облыс әкімінің аппараты" әкім және облыс әкімдігінің қызметінің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпаратты-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын атқарушы-өкілетті орган болып табылады.
1.2. Облыс әкімінің аппараты өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарын, Республика Президенті және Үкіметінің актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
1.3. Облыс әкімінің аппаратының мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкісі, сонымен қатар заңға сәйкес банктерде есеп шоттары болады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарда өз атынан шыға алады.
1.4. Мемлекеттік облыс әкімінің тұлғасында облыс әкімі аппаратының құрылтайшысы болып табылады.
1.5. Облыс әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Қарағанды облысының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
1.6. Толық атауы: "Қарағанды облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
Государственное учреждение "Аппарат акима Карагандинской области".
1.7. Заңды мекен-жайы: 410061. Қарағанды қаласы Бейбітшілік бульвары, 39.


II. ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ

2.1. Облыс әкімінің аппараты өз өкілеттігі шегінде:
облыс аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын іске асырады. Облыстың коммуналдық меншігін басқаруды жүзеге асырады, жоғары тұрған органдардың берген өкілеттігіне сәйкес республикалық меншіктегі кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер қызметін үйлестіреді, жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, аймақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың, облыс әкімі бөлімдері, комитеттері, басқармалары және департаменттерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды;
әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқаруды, нарықтық қатынастарды әзірлеу және іске асыруды, еңбек, жұмысқа орналастыру және көші-қон процесстері, әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызметтерді және осы мақсатта облыс аумағында атқарушы органдар қызметін үйлестіруді, олардан талдау және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін әзірлеу үшін ақпараттарды уақытында алуды, әлеуметтік-экономикалық ахуалды болжауды қалыптастыруды жүзеге асырады.
Республика заңдарының, Президент және Үкімет актілерінің орындалуын, облыс әкімінің, қалалар және аудандар әкімдерінің, бөлімдер, комитеттер, басқармалар, департаменттер және басқа да аумақтық органдар шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
Президент Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен, министрліктермен, мемлекеттік комитеттермен, қалалар және аудандар әкімдері аппараттарымен, облыстық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдарды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламентке ұсынатын заң жобалары, облыстық Мәслихат шешімінің жобаларына ұсыныстар енгізеді;
өндіріс саласын дамытудың басымды бағыттарын анықтайды, импорт алмастыру өндірісін дамыту үшін шетел несиелерін және инвестициялар тартуға ықпал жасайды, аймақаралық байланыстарды және қор жүйесін қалыптастыруды үйлестіруді жүзеге асырады.
облыстық әкімдік, активтер, жиналыстар, халықаралық кездесулер, келулер және облыс әкімі және оның орынбасарлары жүргізетін басқа да шаралардың ақпаратты-талдау, құқықтық. Ұйымдастырушылық және материалды-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
облыс әкімі және оның орынбасарларының қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етілуін, қызметтік құжаттардың, хаттардың азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қаралуын, азаматтардың жеке қабылдауын, азаматтардың келіп түскен өтініштері мен хаттарының, құжат ағымының талдауын, іс жүргізуді қалыпқа келтіру және жетілдіруді, құпия құжаттармен жұмыс істеуді, қазақ және орыс тілдерінде іс жүргізуді іске асырылуын ұйымдастырады;
облыс әкімінің және оның орынбасарларының күнделікті қызметін жариялауды, олармен өзара іс-қимылды, Респулика Президенті және Үкіметі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты, облыстағы экономикалық және әлеуметтік ахуалды, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіруді ұйымдастырады.
жергілікті атқару органдарында кадр мәселесін жүзеге асырады, облыс әкімінің номенклатурасына енетін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеуді және енгізуді, кадрлар резервін қалыптастыруды, олардың оқуын, тәжірибеден өтуін және қайта даярлауды ұйымдастырады.
облыс әкімінің және оның орынбасарларының шешімдері мен өкімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
облыс әкіміне, оның орынбасарларына және облыс әкімі аппаратының қызметкерлеріне шаруашылық, қаржылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелерін шешеді.

2.2. ОБЛЫС АППАРАТЫНЫҢ ӨЗ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ:

облыс әкімінің құзырына енетін мәселелер бойынша бөлім, комитет, басқарма және департаменттерден қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдар, ауызша және жазбаша түсіндірмелер алу;
атқарушы органдардың өкілеттігіндегі барлық ақпараттық, соның ішінде құпия мәліметтерді пайдалануға;
Президент және Үкімет актілерінің, Премьер-Министр өкімдерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі орынбасарларының өкімдерінің орындалуына тексеріс жүргізу және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу;
облыс әкімі аппаратының жүргізуіне берілген мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
облыс әкіміне және оның орынбасарларына облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлерін, қалалар және аудандар әкімдері аппараттарының, бөлімдер, комитеттер, басқармалар және департаменттердің басшылық құрамын қызметке тағайындау және қызметтен босату, оларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
облыстық әкімдік, жергілікті атқару органдары отырыстарына қатысуға;
облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша бөлімдер, комитеттер, басқармалар және департаменттердің жауапты қызметкерлерін, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар өкілдерін облыстық әкімдік отырысына мәселелерді әзірлеуге, проблемалық мәселелерді зерделеуге және шешуге қатыстыру.

III. ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

3.1. Облыс әкімінің аппаратын облыс әкімі тағайындайтын және оған тікелей бағынатын облыс әкімі Аппаратының басшысы басқарады. Аппарат басшысы облыстық әкімдік мүшесі болып табылады.
3.2. Аппарат басшысының Аппарат басшысының ұсынысы бойынша облыс әкімі тағайындайтын бір орынбасары болады.
1) Аппарат басшысы:
облыс әкіміне облыс әкімі аппаратының құрылымын және штаттық кестесін, сонымен қатар олардағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
облыстық бөлімдер, басқармалар, комитеттер және департаменттер, қалалар және аудандар әкімдері аппаратары құрылымының жобасын ұсынады;
облыс әкімі аппаратының үздік қызметкерлерін көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
облыс әкімі аппаратының бөлімдерінің және басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады;
аппараттағы ішкі еңбек тәртібі ережесін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңның орындалуын бақылауға алады.
облыс әкімінің бөлімдері туралы ережені бекітуге бұйрық шығарады;
облыс әкіміне, оның орынбасарларына шешімдер мен өкімдер жобаларын, облыстық өмірлік іс-қимылына қатысты басқа да қызметтік құжаттарды бекітуге ұсынады;
Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, республикалық басқа да ұйымдармен, облыстық мәслихатпен, қалалар және аудандар әкімдері аппараттарымен, облыс әкімінің бөлімдер, комитеттер, басқармалар және департаменттерімен, саяси партиялар және қозғалыстармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және облыс тұрғындарымен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
облыс әкімінің және оның орынбасарларының қабылдаған шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды және тексеруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
облыс әкіміне қалалар және аудандар әкімдері аппараттарының, облыс әкімінің бөлімдері, комитеттері мен басқармалары, департаменттері қызметтерін бағалау жөнінде облыс әкіміне ұсыныс енгізеді;
облыс әкіміне қалалар және аудандар әкімдерінің заңсыз шешімдері мен өкімдерін бұзу, облыстық бөлім, басқарма, комитет, департамент және мекеме басшыларының заңға қарсы бұйрықтарын тоқтата тұру туралы ұсынысы береді;
Кадр саясатын іске асырылуына жауап береді. Облыс әкімінің қарауына қалалар және аудандар әкімдерін, облыстық бөлімдер, комитеттер, басқармалар және департаменттер басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, кадрлар резервін қалыптастырады, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізеді;
техникалық қызмет көрсетуді және облыс әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етуді жүзегег асыратын аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
өз құзыры шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді;
облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмасын орындайды.
3.3. Облыс әкімі Аппараты басшысының құқығы:
облыс әкімінің және оның орынбасарларының, сонымен қатар облыстық әкімдік отырысында қаралатын мәселелер әзірлеу және келісу жөнінде қалалар және аудандар әкімдеріне, облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушілеріне, облыс әкімінің бөлім, комитет, басқарма және департамент басшыларына тапсырма беру;
қалалар және аудандар әкімдерінен, облыс әкімінің бөлім, комитет, басқарма, департамент, мекемлер және ұйымдардан облыс аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, облыс әкімінің және оның орынбасарларының шешімдері мен өкімдерінің және басқа да тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат беруін талап ету;
облыс әкімінің және оның орынбасарларының шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, қалалар және аудандар әкімдерінің, облыс әкімінің бөлім, комитет, басқарма, департамент, сонымен қатар ұйымдар мен мекемелердің іскер хаттарын атқарушыларға олардың белгіленген талаптар мен енгізу тәртібіне сәйкес келмеген жағдайда қайтару;

IV. ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

4.1. Облыс әкімі аппаратына жүктелген функцияларды орындау үшін оның құрамында бекітілген құрылымға сәйкес бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.
4.2. Әкім аппаратының бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелерінің облыс әкімі аппаратының басшысы бекітетін ережелері болуы тиіс.
4.3. Облыс әкімі аппаратының бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:
олардың бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің орындалуына, Президент актілерінің, Үкімет қаулылары мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Өкімдерінің, өз құзыры шегінде қабылданған облыс әкімінің, орынбасарлары мен облыс әкімі аппараты басшысының шешімдері мен өкімдерінің, облыстық мәслихат қаулылардың жедел және нақты орындалуына жеке жауап береді, қызметкерлерді тағайындау, ауыстыру және жұмыстан босату туралы ұсыныс енгізеді, бөлім қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өзара алмастыруды, еңбек тәртібін қамтамасыз етеді, қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес іс жүргізудің дұрыс жүргізілуіне, соның ішінде құпия іс жүргізудің дұрыс жүргізілуіне жеке жауап береді;
оларға жүктелген міндеттерді орындамағаны және оларға берілген құқықтарды дұрыс қолданбағаны үшін заңмен белгіленген жауап береді;
осы Ереженің 5 тармағында көрсетілген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушілері, жауапты қызметкерлері және құрылымдық бөлімшелер меңгерушілерін облыс әкімінің тиісті орынбасарларымен келісілген облыс әкімі аппараты басшысының ұсынысы бойынша облыс әкімі бекітеді.
4.4. Облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлерінің осы ережеге сәйкес өздерінің тікелей қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі құқықтары:
облыс әкімі аппаратында өтетін облыстық әкімдік, отырыстарына, жиналыстарға, шараларға, қалалық және аудандық әкімдіктер, облыстық бөлімдер, комитеттер, басқармалар және департаменттер отырыстарына қатысу;
облыс әкімі орынбасарының, облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша қала және аудан әкімдері аппараттары, облыс әкімінің облыстық бөлімдері, комитеттері, басқармалары, департаменттері, облыс аумағында орналасқан ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындардың жауапты қызметкерлерін туындаған мәселелерді шешуге тарту, олардан басшылыққа бекітуге ұсынылатын құжат жобалары бойынша ақпараттар, ұсыныстар мен қорытындылар сұрау;
қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін, заңға қарсы келетін облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әрі қарай әзірлеуге қайтару туралы облыс әкімі аппаратының басшысына өз ұсыныстарын беруге, облыс әкімі аппаратының құзырына енбейтін құжаттар мен материалдарды қайтару;

V. ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ МҮЛКІ

5.1. Облыс әкімінің аппаратының жедел басқару құқығындағы негізгі қордан және айналмалы құралдарда, сонымен қатар құны мекеме балансында көрсетілетін басқа да мүліктерден құралатын оқшауланған мүлігі болады.
5.2. Мекеме мүлігі Қарағанды облысы әкімі тұлғасында оған мемлекеттік берген мүліктер есебінен қалыптастырылады және коммуналдық меншікке жатады.


VI. ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

6.1. Облыс әкімі аппаратын тарату және қайта құру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Құжаттар



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Послание Президента 2010

НИП
Corporate LEADERS


Ресурстар


www.akorda.kz

Парламент

www.e.gov.kz


www.inform.kz

www.nu.edu.kz

Astana Almaty