атқарушы органдар > Cолтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі > Облыс паспорты
Облыс паспорты
Облыс паспорты
Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылы құрылған, әкімшілік орталығы- Петропавл қаласы.
Петропавл қаласында техникалық жағдайы және ұшу алаңы кез келген сыныпты ұшақтарды қабылдай алатын халықаралық әуежай, сондай-ақ Транссібір және Трансазия темір жолдарын қосатын темір жол торабы бар.
Бас су артериясы - Ертіс өзенінің сол жақ саласы болып табылатын Есіл өзені. Облыс көлемінде мыңға тарта ащы және тұзды көлдер орналасқан.
Облыс аумағы 98 мың шаршы километрді құрайды, оның 8 пайызын негізінен қайыңды орман алып жатыр.
Облыс халқы - 649 мың адам. Соның ішінде облыс орталығындағысы – 194.2 мың адам. Облыста 70-ке тарта ұлттар мен ұлыстар тұрады. Жалпы халықтың 33.1 пайызы қазақтар, 48.8 пайызы - орыстар, 5.8 - пайызы украиндар, 3,7 пайызы - немістер және 8,6 пайызы - басқа ұлт өкілдері.
Облыс экономикасы құрылымы үлесінің 30.5 пайызы ауыл шаруашылығы, 9.4 - пайызы өнеркәсіп, 15 - пайызы сауда, 6.7 - пайызы көлік, 2,1 - құрылыс.
Облыс өнеркәсібінің айқындаушы салаласы жалпы өндіріс өнімінің 35,4 пайызын құрайтын ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсату және электр энергетикасы - 31,5 пайыз, машина жасау және металл өңдеу - 23 пайыз салалары болып табылады.
Облыс республикадығы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін ірі үш өндірісшілердің бірі болып саналады.
Облыстың жалпы астық жинаудағы үлестік салмағы республикалық көрсеткіштің 25-30 пайызын құрайды.
Ауыл шаруашылықтық алқаптардың жалпы алаңы 8 млн. гектар және оның - 4 млн. гектары жыртылатын жер.
Сапалық сыныптама жөнінен облыс жері республика бойынша алдыңғы орында. Топырақтың бағалық (құнарлылық) бонитеті - 51 балл.
Облыстан экспортқа шығарылатын жаздық тауарлық қатты бидай өзінің дәнділігі жағынан АҚШ пен Канадада өсірілетін таңдаулы тұқымдармен барабар.
Облыс аумағында 4 жоғары оқу орны және 2 Ресей-Қазақстан жоғары оқу орнының филиалы және 12 колледж және 20 кәсптік мектеп жұмыс істейді. Мемлекеттік күндізгі орта білім беру жүйесінде 644 мектептен 147 қазақ тілінде, 103 қазақ пен орыс тілдерінде білм беретін мектептер. Облыста 55 балабақша бар (оның ішінде 11 мемлекеттік емес), онда 7,5 бала тәрбиленеді.
Денсаулық сақтау жүйесінде облыс көлемінде 264 профилактикалық-емханалық ұйым халыққа қызмет көрсетеді, оның ішінде 36 ауруханалық ұйымдары бар.
Облыста қазақ сазды-драмалық және орыс драма театры мен балалардың қуыршақ театры және филормония, 1 филармония, 11 мұражай, 500-ден астам мәдениет үйі мен клубтар, кітапханалар бар. Аудандық Мәдениет үйлерінде 13 ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді.
Құжаттар
- Премьер-Министрдiң және Үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерi, жарияланымдары
- Қазақстан Республикасының Заң кесiмдерi және Президентiнiң актiлерi
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Премьер-Министрдiң өкiмдерi
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
- Үкiметтiң бағдарламалары
- Баспасөз хабарламалары
Ресурстар
- ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының WEB - сайты
- Фотоальбом
- БАҚ-тарға арналған фото
- Қазақстан Республикасы жергілікті органдарының WEB - сайты
- Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларының анықтағышы
- Қазақстан Республикасының стратегиялық инициативалары